Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

22 жасқа дейінгі Азия чемпионатында Махмұд Сабырхан өзбекстандық боксшымен жұдырықтасты

Опубликовано:

Махмұд Сабырхан
Махмұд Сабырхан: kfb.kz

Махмұд Сабырхан бокстан 19-22 жас арасындағы Азия біріншілігіндегі алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

57 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатқан Махмұд Сабырхан 1/8 финалда Өзбекстан өкілі Мирзабек Мирзахалиловпен жұдырықтасты. Жекпе-жек төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен қазақстандық былғары қолғап шеберінің пайдасына аяқталды.

Осылайша, Махмұд Сабырхан 22 жасқа дейінгі Азия біріншілігінің ширек финалына жолдама алып отыр.

Айта кетейік, Тайландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан 19-22 жас арасындағы Азия біріншілігі 27 қаңтарда аяқталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2005823-22-zasqa-deiingi-aziya-cempionaty-maxmud-sabyrxan-algasqy-zekpe-zeginde-ozbekstandyq-boksymen-zudyryqtasty/

pixel