jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Сәпиевпен болған жағдай үшін спортшы мен оның бапкері халықтан кешірім сұрады

    Спорт
    Видеодан кадр: Вконтакте/Zakon.kz

    Sever-Yug командасының өкілі Зелимхан Мусиханов пен оның жаттықтырушысы Александр Гольцман Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевпен Batyrball турнирінде жанжалдасқаны үшін қазақстандықтардан кешірім сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

    Зелимхан Мусиханов эмоция кезінде жасаған әрекеті үшін кешірім сұрады.

    "Құрметті қазақстандықтар, осы әрекетім үшін кешірім сұраймын. Мен ережені бұзып, қателестім, сонан соң ойында эмоциямды ұстай алмадым. Серік Сәпиев - еліміздің мақтанышы", - балуан.

    Спортшының бапкері Александр Гольцман де қателік кеткенін мойындады.

    "Құрметті қазақстандықтар, кеше шәкіртім ыңғайсыз жағдайға қалды, мен де эмоцияға беріліп, артық сөздер айттым. Менікі дұрыс болған жоқ, сол себепті шәкіртім екеуміз жасаған барлық әрекеттер үшін кешірім сұраймын. Бәріміз Олимпиада чемпионына қарап бой түзейміз. Барлық спортшы және мен Серік ағаны спорт және қоғам қайраткері ретінде құрметтеймін", - деп ағынан жарылды ол.

    Еске сала кетейік, Naiza 49 Batyr ball турнирінде олимпиада чемпионы Серік Сәпиев қатысушы Зелимхан Мусихановпен төбелесіп қала жаздаған болатын. Кейінірек бұл жанжалға қатысты Сәпиев пікір білдірді.

    Сәпиевпен болған жағдай үшін спортшы мен оның бапкері халықтан кешірім сұрады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.