Қазақстандық таеквондошы Мария Севостьянова әлем чемпионатына іріктеу турнирінен алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап.
"Атыраулық таеквондошылар Словения астанасы Любляна қаласында өткен Slovenia Open рейтингілік турнирінде жеңіске жетті.
Сәуле Сардарова бастаған облыс спортшылары G-1 санатындағы додада 1 алтын және 1 қола медаль жеңіп алды.
57 келі салмақта Севостьянова Мария алтын және 67 келі салмақта Хусайнова Нұрай қола еншіледі.
Словенияда өткен бұл жарыс мамыр айында Әзірбайжан елінде өтетін әлем чемпионатына іріктеу болып табылады", - делінген хабарламада.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2011062-qazaqstandyq-taekvondosy-alem-cempionatynyn-irikteu-turnirinde-zenimpaz-atandy/