jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық таеквондошы әлем чемпионатының іріктеу турнирінде жеңімпаз атанды

    Таеквондо
    Словенияда өткен турнир. Фото: Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы

    Қазақстандық таеквондошы Мария Севостьянова әлем чемпионатына іріктеу турнирінен алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап.

    "Атыраулық таеквондошылар Словения астанасы Любляна қаласында өткен Slovenia Open рейтингілік турнирінде жеңіске жетті.

    Сәуле Сардарова бастаған облыс спортшылары G-1 санатындағы додада 1 алтын және 1 қола медаль жеңіп алды.

    57 келі салмақта Севостьянова Мария алтын және 67 келі салмақта Хусайнова Нұрай қола еншіледі.

    Словенияда өткен бұл жарыс мамыр айында Әзірбайжан елінде өтетін әлем чемпионатына іріктеу болып табылады", - делінген хабарламада.

    Қазақстандық таеквондошы әлем чемпионатының іріктеу турнирінде жеңімпаз атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.