jitsu gif
Спорт

    Әлемдік ұйым Қамшыбек Қоңқабаевты қатаң жазалап, тізімнен алып тастады

    Қамшыбек Қоңқабаев рингке аяңдап келеді
    Қамшыбек Қоңқабаев . Фото: olympic.kz

    Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBO) ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаевты рейтингтен алып тастады, деп хабарлайды Sports.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Бірінші ауыр салмақта сынға түсетін Қоңқабаев қаңтар айында рейтингтің төртінші орынында тұрған. Ал ақпанда тізімнен мүлде түсіп қалған.

    Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы Қамшыбектің рейтингтен неліктен алынғанын түсіндірді.

    Анықталғандай, Қамшыбек Қоңқабаевтың соңғы жекпе-жегінде қарсылық танытпағаны оның тізімнен шығуына себеп болған.

    Айта кетелік, Қоңқабаев Болгариядағы "Странджа" турнирінде өзінің әккі қарсыласы, өзбекстандық Бахадүр Жалоловқа қарсы шығудан бас тартқан еді.

    Ал кәсіби бокстағы соңғы кездесуін Қоңқабаев былтырғы наурызда өткізіп, жеңіске жеткен.

    Еске салсақ, WBO бұған дейін Данияр Елеусіновті де рейтингтен алып тастады.

    Әлемдік ұйым Қамшыбек Қоңқабаевты қатаң жазалап, тізімнен алып тастады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.