"Ешкімнің құқығы жоқ": IBA бокстан әлем чемпионатына қатыспайтын елдерге қатаң ескерту берді
Опубликовано:
Ресейлік шенеунік, ІВА президенті Умар Кремлев бокстан әлем чемпионатына бойкот жариялаған елдерге қатаң ескерту жасады, деп хабарлайды Vesti.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Егер кімде-кім бойкот жариялайтын болса, оларды тәртіптік комиссия күтіп тұр. Ешбір спорттық шенеуніктің спортшыларға шектеу қоюға құқығы жоқ. Сондай-ақ үлкен бокс жанұясын аталған спорт түрін Олимпиададан шығарады деп қорқытудың қажеті жоқ. Олимпиада ойындарында бокс сияқты әдемі спорт түрі сақталуы керек", - деді Кремлев.
Айта кетелік, бокстан әлем чемпионатына АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Украина, Швеция, Швейцария, Чехия, Нидерланд, Норвегия мен Польша қатыспайды.
Олар Ресей мен Беларусь спортшыларының чемпионатқа қатысуына қарсы шыққан.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2012095-eskimnin-quqygy-zoq-iba-bokstan-alem-cempionatyna-qatyspaityn-elderge-qatan-eskertu-berdi/