jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Ұзақ үзілістен кейін рингке оралған қазақ қызы қарсыласын бірінші раундта 3 рет нокдаунға жіберді

    боксшы
    Фото: Спортты дамыту дирекциясы

    Бокстан Үндістанда өтіп жатқан әлем чемпионатының екінші күнін 81 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатқан Фариза Шолтай қорытындылады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Отандық спортшы Әлем біріншілігінің алғашқы жекпе-жегінде Тринидад және Тобаго өкілі Лиан Будраммен жұдырықтасты.

    Фариза Шолтай кездесуді жоғарғы қарқында бастап, алғашқы раундтың өзінде қарсыласын үш рет нокдаунға жіберді. Нәтижесінде төреші Лиан Будрамға техникалық нокаут берді.

    Айта кетейік, Фариза Шолтай ұзақ үзілістен кейін боксқа оралды. Кейінгі жылдары жарақатпен арпалысқан ол Қазақстан чемпионатына аз уақыт қалғанда ұлттық құрамада бірінші орынды жеңіп алды.

    Енді Фариза ширек финалда кениялық Элизабет Адямбо Андиегомен күш сынасады.

    Ұзақ үзілістен кейін рингке оралған қазақ қызы қарсыласын бірінші раундта 3 рет нокдаунға жіберді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.