jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Бокстан Қазақстанның ерлер құрамасы Сербияда өткен турнирде "алтынсыз" қалды

    шаршы алаң
    Шаршы алаң. Фото: Қазақстанның бокс федерациясы

    Сербия астанасы Белградта бокстан Belgrade Winner атты халықаралық турнирі аяқталды, деп хабарлайды Sports.kz.

    Байрақты бәсекеде Қазақстанның ерлер құрамасы алтын жүлдеге қол жеткізе алған жоқ.

    Нәтижесінде ел қоржынына бір күміс, алты қола медаль түсіп отыр.

    "Күмісті" Қазақстанға 51 келідегі Жомарт Ержан әкелді.

    Қола жүлдегерлердің қатарында Ернар Қарап (48 келі), Бекзат Алдамжаров (54 келі), Асылжан Серікбай (57 келі), Бийбарыс Жексен (60 келі), Дархан Дүйсенбай (71 келі) және Армат Арманұлы (75 келі) бар.

    Айта кетейік, Белградта өткен турнирде Қазақстанның ерлер құрамасынан 13 боксшы сынға түсті.

    Бокстан Қазақстанның ерлер құрамасы Сербияда өткен турнирде "алтынсыз" қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.