jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Әлем чемпионатына тағы екі отандық спортшы жолдама алды

    үстел теннис
    Фото: pixabay.com

    Оңтүстік Африка Республикасының Дурбан қаласында өтетін үстел теннисінен жекелей сындағы әлем чемпионатында өнер көрсететін қазақстандықтар қатары толықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.

    Халықаралық үстел теннисі федерациясы (ITTF) Зәуреш Акашева мен Сарвиноз Миркадированың жекелей сында бақ сынай алатынын растады.

    Екі қазақстандық спортшының да рейтингтегі ұпай саны жеткілікті. 

    Осыған дейін Зәуреш Акашева әйелдер арасында жұптық және аралас жұптық сында жолдама алып үлгерген.

    Айта кетейік, осыған дейін Ұлттық құрама сапынан Кирилл Герасименко (жекелей және жұптық сында), Алан Құрманғалиев (жұптық сын), Айдос Кенжеғұлов (аралас жұптық сын), Зәуреш Акашева (аралас жұптық сын), Денис Жолудев/Сағынтай Құрмамбаев (жұптық сын), Зәуреш Акашева/Анастасия Лаврова (жұптық сын) жылдың басты бәсекесіне жолдама иеленген.

    Әлем чемпионаты ОАР-да 20-28 мамыр аралығында өтеді.

    Әлем чемпионатына тағы екі отандық спортшы жолдама алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.