jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық боксшы IBF рейтингінде үздік бестікке енді

    бокс
    Көрнекі фото: pexels.com

    Халықаралық бокс федерациясы (IBF) барлық салмақ дәрежесінің рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Sports.kz.

    Екінші орта салмақта Әли Ахмедов алтыншы сатыдан бесінші орынға көтерілді. Бұл дивизиондағы чемпион атақ мексикалық Сауль "Канело" Альвареске тиесілі.

    Ал үздік үштіктің арасында кубалық Уильям Скулл, ресейлік Владимир Шишкин және америкалық Эдгар Берланга бар.

    Мейірім Нұрсұлтанов орта дивизионда жетінші орнын сақтап қалды. Бұл салмақта IBF әлем чемпионы титулы бос тұр. Бразилия өкілі Эскива Фалькао тізімде бірінші, аустралиялық Майкл Зерафа екінші және неміс боксшысы Винченцо Гуальтиери үшінші орында.

    Екінші жеңіл салмақта Сұлтан Зәуірбек 14-сатыда орналасқан.

    Бұл салмақта әлем чемпионы – тәжікстандық Шавкат Рахимов, рейтингтің алғашқы екі орны бос қалған, үшінші орында британиялық Джозеф Кордина тұр.

    Қазақстандық боксшы IBF рейтингінде үздік бестікке енді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.