jitsu gif
Спорт

    Қазақстанның үздік 10 боксшысының рейтингі жаңарды: Жәнібек Әлімханұлы орнынан айырылып қалды

    Жәнібек Әлімханұлы
    Жәнібек Әлімханұлы жаттығу залында. Фото: Twitter/Janibek Alimkhanuly

    Boxrec.com сайты салмақ дәрежесіне қарамастан (pound-for-pound) қазақстандық боксшылардың рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Sports.kz.

    Көш басында әдеттегідей Геннадий Головкин. Алайда екінші сатыдағы Сергей Липенецтің орнына Мейірім Нұрсұлтанов жайғасты. Мейірім өткен сенбіде Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өткен титулдық жекпе-жекте қарсыласын нокаутқа түсірді.

    Ал Жәнібек Әлімханұлы үздік үштіктегі орнынан айырылып, бір сатыға төмен сырғыды.

    Үздік ондықтың тізімі:

    1. Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО)

    2. Мейірім Нұрсұлтанов (19-0, 11 КО)

    3. Сергей Липинец (17-2-1, 13 КО)

    4. Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО)

    5. Али Ахмедов (19-1, 14 КО)

    6. Бекман Сойлыбаев (16-1, 7 КО)

    7. Жанқош Тұраров (27-0, 20 КО)

    8. Руслан Мадиев (15-2, 6 КО)

    9. Евгений Павлов (9-0, 7 КО)

    10. Батыр Жүкембаев (20-1, 16 КО).

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Boxrec.com сайты наурыз айындағы қазақстанның үздік боксшыларының рейтингін жаңартқан еді. Онда үшінші орынды Жәнібек Әлімханұлы түйіндеген еді.

    Қазақстанның үздік 10 боксшысының рейтингі жаңарды: Жәнібек Әлімханұлы орнынан айырылып қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.