Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жан Кособуцкий WBC және WBO титулдары бар боксшымен жұдырықтасатын болды

Жарияланған күні:

Жан Кособуцкий11
Фото: instagram.com/kossobutskiy

Ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой боксшы Жан Кособуцкийдің келесі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Sports.kz.

Белгілі журналист Майк Коппингер мәліметінше, Жан Кособуцкий пен АҚШ өкілі Джаред Андерсон арасындағы жекпе-жек 1 шілдеде өтеді.

Кездесу Огайо штатының Толедо қаласында болады деп жоспарлануда.

23 жастағы Джаред Андерсон соңғы кездесуін 8 сәуір күні АҚШ-тың Ньюарк қаласында доминикалық Джордж Ариасқа қарсы өткізіп, мерзімінен бұрын жеңді. Айқаста WBC және WBO International белбеулері қойылған еді.

Ал Жан кәсіпқой бокста 19 мәрте жеңіске жеткен, оның 18-ін мерзімінен бұрын аяқтаған.

Отандық боксшы бұған дейінгі жекпе-жегін өткен жылы қарашада Германияның Оберхаузен қаласында өткізіп, жергілікті боксшы Хуссейн Мухамедті мерзімінен бұрын жеңген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2018346-zan-kosobuckii-wbc-zane-wbo-tituldary-bar-bokssymen-zudyryqtasatyn-boldy/