Әлем чемпионаты: алғашқы раундта нокдаун алған отандық боксшы жеңісті жұлып алды
Опубликовано:
Бокстан Ташкентте өтіп жатқан Әлем чемпионатында Нұрқанат Райыс алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
75 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатқан Нұрқанат Райыс 1/16 финалда Доминикан Республикасының өкілі Дельгадо де лос Сантоспен жұдырықтасты.
Тартысты өткен жекпе-жекте төрешілердің шешімімен қазақстандық боксшы жеңіске жетті.
Айта кетейік, жекпе-жектің алғашқы раундында Нұрқанат Райыс нокдаун алса да, кездесуді өз пайдасына шеше білді.
Осылайша, Нұрқанат Райыс Ташкентте өтіп жатқан Әлем чемпионатының келесі айналымына жолдама алды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2019739-alem-cempionaty-nurqanat-raiys-kelesi-kezenge-zoldama-aldy/