Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жәнібек Әлімханұлы титулдық кездесуден соң "Канелоны" жекпе-жекке шақырды

Опубликовано:

боксшы
Видеодан кадр: sports.kz

WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы титулдық кездесуден соң Мексиканың атақты боксшысы Сауль "Канело" Альваресті жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Айта кетейік, Америка құрама штаттарының Стоктон қаласында (Калифорния) өткен бокс кешінде Жәнібек Әлімханұлы канадалық Стивен Батлерді екінші раундта нокаутқа түсіріп, титулын екінші рет сәтті қорғады.

Осыдан соң отандық боксшы шаршы алаңда ағылшын тілінде сұхбат беріп, Сауль "Канело" Альваресті және Джермалл Чарлоны жекпе-жекке шақырды.

"Чемпиондар және бокс жұлдыздары, қайдасыздар? Келіндер жұдырықтасайық, мен күтіп жүрмін! Мен орта салмақтың патшасымын. Алға! Top Rank, келесі кім? "Канело" немесе Чарло, мен сендерге келемін", - деді қазақстандық спортшы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2020438-zanibek-alimxanuly-tituldyq-kezdesuden-son-kanelony-zekpe-zekke-saqyrdy/