Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Махмұд Сабырхан өзбек боксшысын екі рет нокдаунға түсіріп, әлем чемпионы атанды

Жарияланған күні:

Махмұд Сабырхан
Махмұд Сабырхан. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Махмұд Сабырхан бокстан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында финалдық жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

54 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Махмұд Сабырхан Өзбекстан өкілі Ойбек Джураевпен қолғап түйістіреді.

Тартысты өткен кездесуде төрешілердің шешімімен отандық боксшы жеңіске жетті.

Ол қарсыласын үшінші раундта екі рет нокдаунға түсірді.

Осылайша, Махмұд Сабырхан бокстан әлем чемпионы атанды.

Еске сала кетсек, кеше, 13 мамырда қазақстандық спортшы Санжар Тәшкенбай әлем чемпионы атанса, Дулат Бекбауов күміс медаль еншіледі.

Ташкенттегі байрақты бәсекеге Қазақстан намысын қорғау үшін 13 боксшы аттанып, оның сегізі жарыс жолынан ертерек шығып қалды.

Жүлдесіз қалған спортшылардың қатарында Қамшыбек Қоңқабаев, Сәкен Бибосынов, Серік Теміржанов, Санатәлі Төлтаев, Сағындық Тоғамбай, Талғат Сырымбетов, Айбек Оралбай және Нұрқанат Райыс бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2020473-maxmud-sabyrxan-ozbek-bokssysyn-eki-ret-nokdaunga-tusirip-alem-cempiony-atandy/