jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    "Бөлмеге келіп, қатты жыладым": Махмұд Сабырхан әлем чемпионатында не үшін қиналды

    боксшы
    Махмұд Сабырхан. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

    Махмұд Сабырхан Ташкенттегі әлем чемпионатында тағы да алтын медальсіз қаламын деп қорыққан. Бұл туралы Қызық Times бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "2021 жылғы әлем чемпионатының финалында жеңіліп, күміс медаль алған едім. Содан кейін өзіме қалайда әлем чемпионы атанамын деген мақсат қойдым. Ташкентке тек алтын үшін келген едім. Бірінші кездесуде Венгрия бокшысын ұттым. Екінші жекпе-жекте үндістандық спортшымен айқастым. Бірінші раундтың соңына қарай қабағым қанап кетті. Үшінші раундта тағы қанады.

    Егер кездесуде қан тоқтамаса, жеңісті қарсыласқа беріп жібереді. Үнділік боксшыны ұпай саны бойынша жеңдім. Бірақ бөлмеге барған соң қатты жылап алдым. Тағы да алтынсыз қаламын деген ой келді. Қасыма туған інімді ертіп алған едім. Ол болса: "Тәте, қатты жарылмаған", - деп жұбатып жатыр. Үшінші жекпе-жекте ганалық боксшымен кездесіп, мейілінше соққы өткізбеуге тырыстым", - дейді Махмұд.

    Айта кетелік, Ташкенттегі әлем біріншілігінің финалында Махмұд Сабырхан өзбекстандық Ойбек Жураевты жеңді.

    Ол финалдағы қарсыласын екі рет нокдаунға жіберген болатын.

    "Бөлмеге келіп, қатты жыладым": Махмұд Сабырхан әлем чемпионатында не үшін қиналды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.