Бокстан Ташкентте өткен әлем чемпионатында жеңімпаз атанған Махмұд Сабырхан финалдық кездесуі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
"Қазақ елі, Аллаға шүкір, өте қуаныштымын. Қолдау көрсетіп, жанкүйер болғандарыңызға көп рақмет. Алла разы болсын бәріңізге. Бұл жерде мен ғана жеңіске жеткен жоқпын, баршамыз ұттық. Қазақ еліне, құрамамызға, бап бапкеріміз Мырзағали Айтжановқа, жеке бапкерім Ілияс Оралбековке, Марат ағайға осы жарысқа дайындағаны үшін алғысымды білдіремін. Сонымен қатар осында отырған жанкүйерлерге ерекше рақмет. Сезімді айтып жеткізе алмаймын. Өте қуаныштымын", - деп ағынан жарылды отандық боксшы.
Айта кетейік, 54 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Махмұд Сабырхан Өзбекстан өкілі Ойбек Джураевпен қолғап түйістіреді.
Тартысты өткен кездесуде төрешілердің шешімімен отандық боксшы жеңіске жетті. Ол қарсыласын үшінші раундта екі рет нокдаунға түсірді. Осылайша, Махмұд Сабырхан бокстан әлем чемпионы атанды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2020475-zetkize-almaimyn-alem-cempiony-atangan-maxmud-sabyrxan-finaldyq-zekpe-zekten-son-agynan-zaryldy/