Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақтар айғайлағанда біздікі естілмейді": өзбек басылымы отандық жанкүйерлердің қолдауына сүйсінді (видео)

Жарияланған күні:

Ташкенттегі қазақ жанкүйерлері
Ташкенттегі қазақ жанкүйерлері. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Бокстан Ташкентте өткен әлем чемпионатында қазақ жанкүйерлерінің боксшыларға көрсеткен қолдауы көпшілікті сүйсінтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Өзбекстанның bugun_sport ақпараттық порталы әлем чемпионатын тамашалауға келген қазақ жанкүйерлерінің қолдауын ерекше бағалады.

"Қазақстанда бокстың нағыз жанкүйерлері бар. Ал біздегілердің басым бөлігі студенттер мен мемлекеттік қызметкерлер. Қазақтар айғайлағанда біздікілердің даусы естілмейді. Әлем чемпионаты қайда өтіп жатыр?", - деп жазылған ресми Instagram парақшада.

Сондай-ақ өзбекстандық парақша қазақ жанкүйерлерінің әнұранды жанды дауыспен айтқан сәті мен боксшыларға қолдау көрсеткен кезін видеоға түсіріп, жүктеп қойған.

Еске сала кетейік, бокстан әлем чемпионатында Қазақстан командасы 4 алтын, 1 күміс медаль жеңіп алды.

Санжар Тәшкенбай (48 келі), Махмұд Сабырхан (57 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі) және Нұрбек Оралбай (80 келі) чемпион атанса, Дулат Бекбауов (67 келі) күміске қол жеткізді.

Жарыс барысында қазақстандық жанкүйерлер еліміздің әнұранын жанды дауыста орындап, көпшіліктің қошеметіне ие болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2020934-qazaqtar-aigailaganda-bizdiki-estilmeidi-ozbek-basylymy-otandyq-zankuierlerdin-qoldauyna-suisindi-video/