Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қытайдың туы көтерілетін еді": Нұрбек Оралбай финалдан кейін қытайлық қазаққа не айтты

Жарияланған күні:

Нұрбек Оралбайдың әлем чемпионатында жеңіске жеткен сәті
Нұрбек Оралбай көк жейдеде. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Бокстан 2023 жылғы әлем чемпионы Нұрбек Оралбай Ташкент додасының финалында қандасымыз Тоқтарбек Таңатханды ұтты. Аталған тарихи жекпе-жек туралы ол Qazaq Ring жобасына айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Тоқтарбек Қытайдағы қандасымыз. Қазақ. Одан бұрын да танимын, досым. Жаттығу жиындарында бірге болғанбыз. "Елорда кубогі" турнирінің финалында оны жеңгенмін. Желідегі пікірлерді де оқыдым. Кім ұтса да, қазақ боксшысы чемпион болады деп жазып жатыр екен. Бірақ Тоқтарбек ұтса, қазақтың емес, Қытайдың туы көтерілетін еді. Ол қазақ қой, қазақша жақсы сөйлейді. Марапаттау рәсіміне шығар кезде: "Қазақтың туы көтерілейін деп жатыр, қарасаңызшы", - дедім. Ол да қуаныштымын деп жатыр. Негізі, ол да ұту үшін бәрін салды. Жекпе-жекті қайта көрсеңіздер, ең бірінші соққыны Тоқтарбек жасайды. Қазақ баласы болған соң, жеңісті бере салды деп айтуы мүмкін. Олай емес. Қандасымыз да аянып қалған жоқ. Қазақтың туы көтерілгені үшін шүкір", - деді Нұрбек Оралбай.

Еске сала кетейік, Нұрбек Оралбай 80 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионы атанды.

Нұрбек пен сыңары Айбекке жанкүйер болу үшін ата-анасы Астанадан Ташкентке арнайы ұшып барған.

Айбек Оралбай Нұрбектің бұл жеңісі өзіне үлкен мотивация беретінін де мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2022628-qytaidyn-tuy-koteriletin-edi-nurbek-oralbai-finaldan-keiin-qytailyq-qazaqqa-ne-aitty/