jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    "Үйге қайтамыз деді": Нұрбек Оралбай ата-анасының Ташкентте өзіне емес, сыңары Айбекке сенгенін айтты

    Қызыл жейдеде Нұрбек Оралбай
    Қызыл жейдеде Нұрбек Оралбай. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

    Бокстан 2023 жылғы әлем чемпионы Нұрбек Оралбай Ташкенттегі турнирде ата-анасының кімге жанкүйер болғанын айтты. Бұл туралы Qazaq Ring жобасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Ташкентке ата-анамыз ұшып келді. Оларға чемпионат аяқталғанша он күнге арнап, пәтер жалдап қойғанбыз. 5 мамыр күні мен әзірбайжандық боксшымен, Айбек италиялық спортшымен шығатын болдық. Айбек ұтылды, мен келесі кезеңге өттім. Айбек жеңілген соң, бәрінің көңіл-күйі жоқ. Өйткені бәрі маған емес, сыңарыма сеніп келген болатын. Шай ішіп отырсақ: "Біз ертең қайта берейік", - дейді ата-анам. "Мен ше, мама? Маған сенбейсіздер ме" - дедім. "Жоқ, саған сенеміз. Бірақ сенің жекпе-жегіңді теледидардан көре саламыз", - дейді. Әрине, ата-анам соңына дейін қалды. Алайда осы сәт мен үшін мотивация болды. Рингке ең соңғы болып шықтым", - дейді Нұрбек.

    Айта кетелік, Нұрбек Оралбай 80 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионы атанды.

    Ол финалда Қытай атынан сынға түскен этникалық қазақ Тоқтарбек Таңатханды жеңген болатын.

    "Үйге қайтамыз деді": Нұрбек Оралбай ата-анасының Ташкентте өзіне емес, сыңары Айбекке сенгенін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram