Бокстан 2023 жылғы әлем чемпионы Нұрбек Оралбай спортқа қанша жылын арнағанын айтты. Бұл туралы Қызық Times бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Боксты 2009 жылы бастағанбыз. Қазір 14 жыл болды ғой. Сегіз жыл интернатта оқығанбыз. Негізі, қиыншылық көріп өскен балалармыз ғой. Боксқа байдың балалары келмейді. Қиыншылық көрген, мотивациясы бар адамдар келеді", - дейді Нұрбек.
Еске сала кетейік, бұған дейін Нұрбек ата-анасының өзіне емес, сыңары Айбекке жанкүйер болғанын айтқан еді.
Нұрбек Оралбай Ташкентте өткен әлем біріншілігінде 80 келіге дейінгі салмақта чемпион атанды.
Финалда ол Қытайдағы этникалық қазақ Тоқтарбек Таңатханды ұтқан болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2024889-boksqa-baidyn-balalary-kelmeidi-nurbek-oralbai-qiynsylyq-korip-oskenin-zetkizdi/
Пікірлер жүктелуде