jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    "Кейбір боксшылар үшін шешуші сын": Мырзағали Айтжанов маңызды мәлімдеме жасады (видео)

    Мырзағали Айтжанов пен бапкерлер құрамы
    Мырзағали Айтжанов. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

    Бокстан Қазақстан құрамасы Астанада оқу-жаттығу жиынын бастады. Бұл туралы федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Бас бапкер Мырзағали Айтжановтың айтуынша, құрама команда Астанада өтетін "Елорда кубогі" бәсекесіне дайындалып жатыр.

    "12-26 маусым аралығында оқу-жаттығу жиынын өткізудеміз. Бұл жиын Астанада өтетін "Елорда кубогі" қарсаңында ұйымдастырылып отыр. Аталған жарыс кейбір жігіттеріміз үшін Азия ойындарына іріктеу турнирі болып есептеледі. Ал кейбір жігіттеріміз кезекті жекпе-жектерін өткізіп, шеберліктерін шыңдамақшы.

    Біздің жарысымызбен қатар Еуропа ойындары өтеді. Сол себепті көптеген елдер қатыса алмайды. Бірақ өзімізге көршілес Өзбекстан, Тәжікстан, Таиланд, Жапониядан мықты спортшылар келмекші. "Елорда кубогі" жыл сайын өтетін, маңызды бәсекелер алдында жігіттерімізді бір тексеріп алатын турнир", - деді Айтжанов.

    Еске сала кетейік, бокстан 2023 жылғы "Елорда кубогі" 26 маусым мен 2 шілде аралығында Астанада өтеді.

    "Кейбір боксшылар үшін шешуші сын": Мырзағали Айтжанов маңызды мәлімдеме жасады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.