jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Есе қайтарды: Ермахан Жакпеков Жапониядан келген әлем чемпионын ұтып кетті (видео)

    Ермахан Жакпеков пен Севонрец Окадзава
    Ермахан Жакпеков пен Севонрец Окадзава. Скриншот: instagram/boxingkazakhstan

    Астанада бокстан "Елорда кубогі" халықаралық турнирі жалғасып жатыр. Бүгін рингке шыққан Ермахан Жакпеков әлем чемпионынан басым түсті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Ермахан 71 келіге дейінгі салмақта сынға түсетін спортшы. Ол осы салмақта 2021 жылғы әлем чемпионы, жапониялық Севонрец Окадзавамен жұдырықтасқан болатын.

    Тартысты жекпе-жекте төрешілер жеңісті қазақстандық боксшыға берді.

    Айта кетелік, Окадзава 2021 жылы Сербия астанасы Белградта өткен әлем чемпионатының жартылай финалында қазақстандық Абылайхан Жүсіповті 4:1 есебімен жеңген болатын.

    Кейін ол осы чемпионаттың жеңімпазы атанды.

    Ал Астанадағы турнирде Ермахан командаласы Абылайханның есесін қайтарып, чемпионнан басым түсті.

    Есе қайтарды: Ермахан Жакпеков Жапониядан келген әлем чемпионын ұтып кетті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.