Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Құдалығы өтіп кетті": федерация өкілі Санжар Тәшкенбайдың тойына қатысты тың дерек айтты

Опубликовано:

Санжар Тәшкенбай жекпе-жектен соң
Санжар Тәшкенбай. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Азиз Қожамбетов 48 келідегі әлем чемпионы Санжар Тәшкенбайға қатысты өз ойын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қожамбетовтің айтуынша, Санжар Тәшкенбай тойына дайындалу үшін Астанадағы және Таиландтың Пхукет қаласындағы турнирлерге қатыспаған.

"Санжарды Халықаралық бокс федерациясы Таиландта өтетін "Бокс түні" атты жекпе-жек кешіне шақырды. Қазақстаннан Санжар Тәшкенбай, Дулат Бекбауов және Валентина Хальзова шақырту алған. Санжардың бапкеріне хабарласып едім, емделіп жатқанын, бұл ұсыныс туралы ойланатынын айтты. Кейін Санжардың өзі сүйінші хабар айтып, үйленгелі жатқанын жеткізді. Құдалығы да өтіп кетіпті. Сол жерде тойына шақырды. Яғни, Санжар Тәшкенбай отбасындағы жағдайларға және денсаулығына байланысты турнирден бас тартты", - дейді вице-президент.

Сондай-ақ Азиз Қожамбетов Санжардың олимпиадалық салмаққа ауысу мүмкіндігі жайлы өз пікірін білдірді.

"Салмақ ауыстыру көпшілік ойлағандай оңай нәрсе емес. Жаңа салмаққа бейімделу үшін біраз уақыт керек. Басқа салмақтың майталмандарымен кездесіп, бұл салмақтың қыр-сырын меңгеру де қиын шаруа. Мұнда жылдамдық басқа, күш көп керек. Санжар былтыр Таиландтағы турнирде Сәкенмен кездесіп, ұтылып қалды. Соны да бағамдаған шығар. Сол жекпе-жекте Санжар мұрнын жарақаттап та алған болатын.

57 келіге ауысқан Махмұд Сабырхан талантының арқасында бұзып-жарып келе жатыр. Әзірге ол ел ішіндегі турнирге қатысуда. Ертең сыртта өтетін халықаралық сындарда қалай болатынын әлі білмейміз", - деді танымал бокс маманы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2027282-qudalygy-otip-ketti-federaciya-okili-sanzar-taskenbaidyn-toiyna-qatysty-tyn-derek-aitty/

pixel