Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мен үшін темір-терсек": боксшы Еркебұлан Шынәлиев Олимпиада мен әлем чемпионатындағы медалін мұқтаждарға таратып жіберді

Жарияланған күні:

Еркебұлан Шынәлиев
Еркебұлан Шынәлиев. Фото: "Уақыт көрсетеді" бағдарламасы

Бокстан 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері Еркебұлан Шынәлиев көпшілік күтпеген қадамға барды. Ол бокста жеңіп алған барлық медалі мен "Құрмет" орденін мұқтаж отбасыға берді, деп хабарлайды "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Боксшы 2007 жылы Чикагода өткен әлем чемпионатының қола медалі, 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының қола медалін және Нұрсұлтан Назарбаев арнайы "Ақордада" таққан "Құрмет" орденін әлеуметтік жағдайы төмен отбасыға тарту етті.

"Бұл босқа үйде жатыр. Шаң басып. Одан да мұқтаж адамдарға пайдасы тисін", - деді Шынәлиев.

Боксшы барлық мадақ қағаздары мен медальдарын таратып берген соң, көз жасын тоқтата алмады.

"Мен дүние үшін қиналып тұрғаным жоқ. Бұл мен үшін сақырлаған темір-терсек. Жай ғана елімізде осындай қиын жағдайдағы отбасылар көп... Мысалы мына отбасындағы бес адам мүгедек. Мына апамыздың өзі, қызы күйеуі мен баласы бірінші топтағы мүгедектер. Осы кісілерге қарап көңілім босап отыр. Бұл әшейін сақырлаған дүние. Шынымен ниет қылғам өзім. Отбасыға көмектескім келеді. Қаржылай жағдайымыз жоқ. Осындай дүниемен болсын бір отбасыны қуантқым келді. Жүрегінде иманы, намысы бар жігіттер бар ғой. Солардың бірі қолдап, алып кетеді деген ойдамын", - деді Шынәлиев.

Еске сала кетейік, Еркебұлан Шынәлиев 81 келіге дейінгі салмақта 2007 жылғы әлем чемпионатының және 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері.

Ол қазіргі бас бапкер Мырзағали Айтжановтың жеке шәкірті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2028146-men-usin-temir-tersek-bokssy-erkebulan-synaliev-olimpiada-men-alem-cempionatyndagy-medalin-muqtazdarga-taratyp-ziberdi/