30-шілдеде Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да Эррол Спенс пен Теренс Кроуфорд арасында жартылай орта салмақтағы абсолютті чемпионды анықтау үшін жекпе-жек өтеді. Parimatch сарапшылары бұл тарихи кездесуде кімнің мүмкіндігі жоғары екенін бағалап көрді.
Теренс Кроуфорд (39-0, 30 КО)
1987 жылы Небраска штатының Омаха қаласында дүниеге келген. Бокспен 7 жасынан бастап айналыса бастаған және 2007 жылы АҚШ-та әуесқой бокстан жеңіл салмақтағылар тізімінде көш бастады. Алайда 2008 жылғы Олимпиадаға іріктеу кезінде Садам Алиден жеңіліп, кейін кәсіпқой боксқа ауысты.
Теренс мансабының өрлеуі 2014 жылы басталды. Ол Рикки Бернсті төрешілер шешімімен жеңіп, жеңіл салмақтағы WBO белбеуін қанжығасына байлады. Титулды екі рет қорғағаннан кейін Кроуфорд 2 жыл ішінде "тазартқан" 1-ші жартылай орта салмаққа көтеріліп, 2017 жылы әлемнің абсолютті чемпионы болды. Бір жылдан кейін "Бад" Джефф Хорннан WBO титулын жеңіп алып, жартылай орта дивизионды да бағындырды. Содан бері ол бәрін мерзімінен бұрын жеңіп, 6 рет атағын қорғаған.
Кроуфордтың басты артықшылығы-интеллект және шайқас әдістерін қарсыласқа қарсы бейімдей алу мүмкіндігі. Қарсыластың стиліне байланысты ол панчер, шабуылшы және контр-панчер бола алады. Керемет тактикалық икемділікті мықты бокс техникасы мен күтпеген шабуыл жасай алуы толықтырады. "Бад" күтпеген жерден шабуыл жасап, қарсыласын нокаутқа жібере алады. Бірақ Теренстің бір кемшілігі бар, ол бастапқы 2-3 раундта белсенділік танытпайды.
Эррол Спенс (28-0, 22 KO)
1990 жылы Нью-Йорктегі Лонг-Айлендте дүниеге келген. Ол "Алтын қолғапты" жеңіп алып, сондай-ақ үш рет АҚШ чемпионы атанып, әуесқой бокстағы мансабын сәтті аяқтаған. 2012 жылғы Олимпиаданың 1/4-нде жеңілгеннен кейін кәсіпқой боксқа бет бұрды.
Спенс 2017 жылы кәсіпқой бокста алғаш өткен кездесуінде Келл Брукты нокаутқа жіберіп, IBF белбеуіне ие болған. 2 жылдан кейін оған WBC белбеуін қосты, бірақ содан кейін Эрролдың мансабы мен өміріне қауіп төнді. Ол 2019 жылы ауыр жол апатына ұшырады. Бірақ қиындықтар нағыз жеңімпаздың сағын сындыра алмады. Бір жылдан кейін ол Дэнни Гарсияны сенімді түрде жеңіп мансабына оралды және соңғы шайқаста Йорденис Угасты нокаутқа жіберіп, жеңістер қоржынына WBA атағын қосты.
Рингтегі Спенс-бұл нағыз "бульдозер". Жекпе-жекте ол өзінің атлетика жағынан мықты қалыптасуына сүйеніп, рингте қарсыластарына үнемі қысым жасайды. Осыларға қоса, ең қауіптісі - Эррол өзінің күшіне қоса, төзімділікке ие. Сондай-ақ оның қорғанысы жақсы және ол белсенді жұмыс істейді, сондықтан оған қысым көрсету мүмкін емес. Бірақ бір мәселе бар: "нағыз жеңімпаз" тактикада икемді емес және Кроуфорд сияқты техника жағынан әмбебап емес.
Parimatch аналитикасы және коэффициенттері
Бұл жекпе-жек стильдердің нағыз қарама-қайшылығы болып табылады. Екі спортшының жұдырықтасуы бір-біріне мүлдем ұқсамайды, олар өте қауіпті қарсыластар және бірде-бір кәсіпқой кездесулерде жеңіліп көрген емес. Бірақ тәжірибе мен тактикалық икемділіктің арқасында Кроуфорд фаворит болып көрінеді. Оның жеңіске жету коэффициенті 1,66-ға тең болса, Спенске 2,40 беріліп отыр. Сондай-ақ Parimatch сарапшылары жекпе-жектің белгіленген раундқа дейін болатынына сенімді. Олар "11,5-тен жоғары жалпы раундтарға" 1,44 коэффициентін ұсынып отыр. Бірақ мерзімінен бұрын жеңіске жету үшін "Бадтың" мүмкіндігі көбірек. Parimatch сарапшылары оған 3,60 коэффициентін ұсынса, Спенстің нокаутына 6,00 беріп отыр.
Спенс пен Кроуфордтың текетіресіне ұтып тігіп, Parimatch-пен бірге жарқын эмоциялар алыңыз! Жаңа ойыншыларға арналған арнайы ұсыныс-шотты алғашқы толықтырғаныңыз үшін +300% бонус. Бонусты алыңыз және оларды игілігіңізге жұмсаңыз!
Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензия, "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті" РММ берілген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2030492-errol-spens-terens-krouford-zekpe-zegi-zartylai-orta-salmaqtagy-patsa-atagyn-kim-alady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.