Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Хасанбай Досматов та қатысады": Сәкен Бибосынов Париж жолдамасына кімдер таласатынын айтты

Опубликовано:

Сәкен Бибосынов жекпе-жек өткізуде
Сәкен Бибосынов. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Бокстан Қазақстан құрамасы бұл күндері "Ақбұлақ" олимпиадалық орталығында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Бұл Азия ойындары қарсаңындағы маңызды жиындардың бірі, деп жазады Bassport.kz.

Жиынға қатысып жатқан команда үздіктерінің бірі, әлем чемпионы Сәкен Бибосынов алдағы лицензиялық бәсекеге қатысты ойын айтты.

"Жазғы Азия ойындарына қатысатын боксшылар тізімі әлі айтылған жоқ. Десе де, турнирден үмітті спортшылардың бірімін. Қазір тынымсыз дайындық жүріп жатыр. Өйткені Азиадада Париж Олимпиадасының алғашқы жолдамалары сарапқа салынады.

Олимпиадалық салмақтарда бірінші және екінші орын алған боксшыларға лицензия беріледі. Менің салмағымда Азиядағы мықтылардың барлығы да келеді. Олардың қатарында өзбекстандық Хасанбай Досматов, жапониялық, филиппиндік, үндістандық боксшылар бар. Бәрі де жолдамаға таласады. Сондықтан оңай болмайтыны анық", - деді Бибосынов.

Айта кетелік, жазғы Азия ойындары 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Қытайдың Ханжчоу қаласында өтеді. Азия ойындарында алғаш рет бокстан Олимпиада жолдамасы сарапқа салынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2033331-xasanbai-dosmatov-ta-qatysady-saken-bibosynov-pariz-zoldamasyna-kimder-talasatynyn-aitty/

pixel