Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаевтың жеңісіне қатысты өз ойын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Азия ойындарындағы бірінші кездесу оңай болмайды. Қарсыласы да құрлықтағы мықтылардың бірі. Жекпе-жек өте жақсы өтті. Былайша айтқанда, келесі кездесулерге үлкен дайындық іспетті. Қарсыласына соққыларын дарытты, керек болса, өзі де жіберіп алды. Яғни, өзінің қай деңгейде екенін толық бағамдады Қамшыбек. Мұның барлығы алдағы кездесуге өз пайдасын береді деген ойдамын", - деді бас бапкер.
Айта кетелік, Қамшыбек Қоңқабаев Бахрейн атынан сынға түсетін ресейлік легионер Данис Латиповты жеңген болатын.
Осылайша, турнирдің жартылай финалына жолдама алды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2038896-bul-kelesi-kezdesuge-daiyndyq-myrzagali-aitzanov-qonqabaevtyn-zekpe-zeginen-son-ne-aitty/