Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қамшыбек Қоңқабаев Азия ойындарының жартылай финалына жолдама алды

Опубликовано:

Қамшыбек Қоңқабаев шаршы алаңда
Қамшыбек Қоңқабаев қызыл жейдеде. Фото: Сали Сабиров

Қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев Азия ойындарын сәтті бастады. Спортшы бахрейндік қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп кетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қамшыбек Қоңқабаев 92 келі салмақ дәрежесінде Бахрейн өкілі Данис Латыповқа қарсы шығып, оны 5:0 есебімен жеңіп кетті. Алайда үшінші раундта қазақстандық нокдаун алып қалды.

Отандасымыз енді жартылай финалға өтіп, жүлделі орындар үшін жұдырықтасатын болады.

Кеше боксшы Сағындық Тоғамбай бір минутта қарсыласын нокаутқа жіберіп, Азия ойындарының жартыай финалына жолдама алды.

Бұған дейін Назым Қызайбай Азия ойындарымен қош айтысты. Спортшы моңғолиялық қарсыласы Есугэн Оюунцэцэгке есе жіберді.

Сондай-ақ Сәкен Бибосынов та Азия ойындарында жеңіліс тапты. Ол өзбекстандық Хасанбай Дусматовқа жол беріп қойды.

Боксшы жекпе-жектен кейін жеңілісінің себебін түсіндіріп, қателіктің бәрі өзінен болғанын мойындады.

Оған қоса, бүгін 29 қыркүйекте Нұрбек Оралбай 80 келі салмақ дәрежесінде Қытайдағы этникалық қазақ Тохтарбек Танатханнан жеңіліп қалды. Отандасымыз қарсыласын екінші раундта нокдаунға жіберсе де, төрешілер жеңісті Қытай өкіліне берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2038894-qamsybek-qonqabaev-aziya-oiyndaryn-zenispen-bastady/