Қазақстан бокс құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов 57 келі салмақта жеңіліс тауып, Азия ойындарымен қош айтысқан Махмұд Сабырханға қатысты пікр білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Мырзағали Айтжанов тартысты жекпе-жектен кейін KAZ.NUR.KZ тілшісіне сұхбат беріп, Сабырханның жеңілуіне қатысты өз ойын білдірді.
"Бұл жарыста шағым мүлдем берілмейді. Сондай ережесі бар. Жекпе-жекке қатысты айтсақ, енді жаңа салмақ, қарсыластары да мықты. Оны да ескеруіміз керек. Барын салды. Жеңілді деп айта алмаймыз", - деді Мырзағали Айтжанов.
Айта кетейік, Махмұд Сабырхан Азия ойындарындағы екінші жекпе-жегінде жеңіліс тапты. Ол 57 келі салмақ дәрежесінің 1/8 финалында кореялық О Таебомға есе жіберді. Тартысты жекпе-жек 2:3 есебімен аяқталды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2038912-zenildi-dep-aita-almaimyz-bas-bapker-maxmud-sabyrxanga-qatysty-pikir-bildirdi/