jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Жеңілді деп айта алмаймыз": бас бапкер Махмұд Сабырханға қатысты пікір білдірді

    Махмұд Сабырхан Азия ойындарында
    Махмұд Сабырхан Азия ойындарында Фото: Olympic.kz/Сали Сабиров

    Қазақстан бокс құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов 57 келі салмақта жеңіліс тауып, Азия ойындарымен қош айтысқан Махмұд Сабырханға қатысты пікр білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Мырзағали Айтжанов тартысты жекпе-жектен кейін KAZ.NUR.KZ тілшісіне сұхбат беріп, Сабырханның жеңілуіне қатысты өз ойын білдірді.

    "Бұл жарыста шағым мүлдем берілмейді. Сондай ережесі бар. Жекпе-жекке қатысты айтсақ, енді жаңа салмақ, қарсыластары да мықты. Оны да ескеруіміз керек. Барын салды. Жеңілді деп айта алмаймыз", - деді Мырзағали Айтжанов.

    Айта кетейік, Махмұд Сабырхан Азия ойындарындағы екінші жекпе-жегінде жеңіліс тапты. Ол 57 келі салмақ дәрежесінің 1/8 финалында кореялық О Таебомға есе жіберді. Тартысты жекпе-жек 2:3 есебімен аяқталды.

    "Жеңілді деп айта алмаймыз": бас бапкер Махмұд Сабырханға қатысты пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram