Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйгілі Мэнни Пакьяо Париж олимпиадасына қатысуға ниетті

Опубликовано:

Боксшы Мэнни Пакьяо
Мэнни Пакьяо Фото: Instagram/mannypacquiao

Филиппиндік боксшы, алты салмақ дәрежесіндегі бұрынғы әлем чемпионы Мэнни Пакьяо (62-8-2, 39 КО) Париж олимпиадасына қатысуға өтініш білдірді, деп хабарлайды vRINGe.com.

Боксшы бұған дейін жас шектеулеріне байланысты Азиядағы құрлықтық іріктеу кезеңіне қатыса алмады. Бірақ Париж олимпиадасында өнер көрсетуден әлі де үміт үзбеген екен.

Филиппин олимпиада комитеті Халықаралық олимпиада комитетіне 45 жастағы Пакьяоны "әмбебаптық ережесіне" сәйкес 2024 жылғы жазғы олимпиада ойындарына тіркеу туралы ресми өтініш білдіргені белгілі болды.

Бұл ұсыныс қабылданбаған жағдайда, Мэнни турнирге 2024 жылы өтетін іріктеу кезеңдері арқылы қатысады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2040523-aigili-menni-pakyao-pariz-olimpiadasyna-qatysuga-nietti/

pixel