jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Боксшы Санжар Ташкенбай Меккеге барып келді (фото)

    Санжар Ташкенбай Меккеде
    Санжар Ташкенбай Меккеде. Фото: Instagram/ tashkenbay_sanzhar

    Қазақстандық танымал боксшы, әлем чемпионы Санжар Ташкенбай қасиетті Меккеге барып, қажылық парызын атқарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Спортшының қасиетті мекенге сапары жайлы Instagram желісінен белгілі болды. Санжар Ташкенбай парақшасында қағбаның қасында түскен суретін жариялады.

    Боксшы кіші қажылыққа жақындарымен бірге барған екен.

    "Алланың қалауымен қасиетті Меккеге келіп, умра қажылығын өтеу нәсіп етіпті. Алла құлшылығымызды қабыл етсін", - деген жазба қалдырды Ташкенбай.

    Санжар Ташкенбай осы жылдың мамыр айында Ташкентте өткен әлем біріншілігінде жеңіске жетіп, әлем чемпионы атанды. 48 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз финалда грузиялық Сахил Алахвердовиді тізе бүктірді.

    Боксшы Санжар Ташкенбай Меккеге барып келді (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.