jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Астанада бокстан жастар арасындағы Азия чемпионаты басталды

    Бокстан жастар арасындағы Азия чемпионаты
    Бокстан жастар арасындағы Азия чемпионаты. Фото: Қазақстан бокс федерациясы

    Астанада алғаш рет бокстан жасөспірімдер және жастар арасындағы Азия чемпионаты басталды. Кеше елордадағы Beeline Arena-да турнирдің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ бокс федерациясына сілтеме жасап.

    Байрақты бәсекеде сары құрлықтың 23 елінен 450-ге жуық жас спортшы Азия чемпионы атағына таласады. Олардың қатарында Өзбекстан, Қытай Тайпейі, Жапония, Филиппин, Гонконг, Оңтүстік Корея, Моңғолия, Иран, Қырғызстан, Үндістан, Вьетнам, Таиланд, Біріккен Араб Әмірліктері, Тәжікстан, Түркіменстан, Палестина, Пәкістан, Йемен, Ирак, Иордания, Кувейт, Малайзия және Қазақстан мемлекеттері бар.

    Турнирдің ашылу салтанатына Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев, IBA Халықаралық бокс қауымдастығының президенті Умар Кремлёв, Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев, Азия бокс қауымдастығының бас хатшысы Али Саламех қатысты.

    "Бұл шара ең алдымен туризм мен спорт саласының дамуына ерекше серпін береді. Көп спорт шеберлерін дайындаған қазақ даласында бокс әрқашан бағаланған. Өздеріңізге белгілі, бізде Олимпиада және әлем чемпиондары шыққан үлкен бокс мектебі бар. Осы күнге дейін жерлестеріміз Олимпиаданың 7 алтын, 7 күміс, 10 қоласын иеленіп, 3 мәрте "Вэл Баркер" кубогы атағын алды.

    Ол боксшылар да осындай кішкентай кезінен бастап, жасөспірімдер, жастар арасындағы жарыстарға қатысқан. Соңғы 5 жылда жас спортшыларымыз әлем чемпионатында 6 алтын, 10 күміс, 11 күміс алды. Бүгінде бокспен 100 мыңға жуық балалар айналысады. Осындай турнирлер жастарымызға шеберліктерін шыңдап, тәжірибе алмасуға керемет мүмкіндік. Шын мықтылар жеңіс тұғырынан көрінсін", — деді туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

    Айта кетейік, жарыс 3 қарашаға дейін созылады. Бокс бәсекесін ASBC YouTube каналынан тікелей эфирде көре аласыздар.

    Астанада бокстан жастар арасындағы Азия чемпионаты басталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.