Нейт Диаз бен Джейк Полдың екінші жекпе-жегі жоспарланып отыр
Опубликовано:
Америкалық файтер Нейт Диаз бен Джейк Пол жақын арада екінші рет жұдырықтасуы мүмкін, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ MMAFightingonSBN Youtube арнасына сілтеме жасап.
Америкалық промоушен PFL-дың басшысы Донн Дэвис кезекті сұхбатында Нейт Диаз мен Джейк Полдың реваншын тілге тиек етті.
"Бұл жекпе-жекті қуана ұйымдастырамыз. Нейт Диаз бен Джейк Полдың реваншына 15 миллион доллар жұмсауға дайынбыз. Джейк Пол дайын екенін айтқан еді. Бізде жекпе-жек өткізу үшін керемет инфрақұрылым бар", – деді Донн Дэвис.
Еске салайық, 2023 жылдың тамыз айында Нейт Диаз бен Джейк Пол бокс ережесі бойынша жұдырықтасты. 10 Раундқа жоспарланған кездесу қорытындысы бойынша Джейк жеңіске жеткен еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2047076-neit-diaz-ben-dzeik-poldyn-ekinsi-zekpe-zegi-zosparlanyp-otyr/