Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық боксшылар әлем чемпионатында төрт алтын медаль жеңіп алды

Жарияланған күні:

Боксшы Толғанай Қасымхан
Боксшы Толғанай Қасымхан. Фото: instagram/boxingkazakhstan

Армения астанасы Ереванда бокстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Қазақстан командасы 4 алтын, 6 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

23 қараша - 4 желтоқсан аралығында өткен әлем біріншілігіне 51 мемлекеттен 357 спортшы қатысты. Жалпы турнир барысында боксшылар 26 салмақта (13 ұл, 13 қыз) жеңімпазды анықтады.

Қыздар арасында 54 келіде Аяжан Сыдық үндістандық боксшы Амиш Керкеттаны 5:0 есебімен айқын басымдықпен жеңіп, чемпион атанды. 60 келі салмақта сынға түскен Толғанай Қасымхан ресейлік Кира Леонованы 3:2 есебімен жеңіп, алтын жүлдеге ие болды.

Чемпиондардың қатарын ️66 келі салмақта Айсұлу Мұхит толықтырды. Ол финалдық жекпе-жекте румыниялық боксшы Амалиа Тугуйдан 3:2 есебімен басым түсті.

Сондай-ақ қыздар арасында 48 келіде Сила Биболсынқызы, 50 келіде Гаухар Зарден, 52 келіде Айша Сариева, 63 келіде Алина Кудайгенова және 80 келі салмақта Құралай Егінбайқызы әлем чемпионатының қола жүлдегерлері атанды.

Ал 54 келі салмақта сынға түскен Нұрасыл Төлебек финалда үндістандық Жатин Жатинді 4:1 есебімен жеңіп, ерлер арасында әлем чемпионы атанды.

Ерлер құрамасы жарысты екі медальмен аяқтап отыр. Бұған дейін Нығмет Нұғман (48 келі) турнирдің қола медалін иеленген болатын. 

Осылайша, Қазақстан командасы 4 алтын, 6 қола медаль жеңіп алып, жалпы есепте Ресей, Армения және Өзбекстаннан кейін төртінші орынға тұрақтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2049135-qazaqstandyq-bokssylar-alem-cempionatynda-tort-altyn-medal-zenip-aldy/