Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ол жұдырықтаса алмайды": танымал бокс сарапшысы Уайлдерге қатысты пікірін айтты

Опубликовано:

Боксшы Деонтей Уайлдер
Деонтей Уайлдер. Фото: Al Bello/Getty Images

Бұрынғы бокс бапкері және сарапшы Тедди Атлас аса ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Деонтей Уайлдерді сынға алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "The Fight with Teddy Atlas" Youtube арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Атластың ойынша Уайлдер шын мәнінде жұдырықтаса алмайды. Ал оның ең басты қаруы ауыр соққылар ғана.

"Ол жұдырықтасуды білмейді, тіпті ешкім үйретпеген сияқты. Болмаса Деонтей тек ауыр соққы ғана жасап біледі. Содан кейін оған ыңғайлы қарсыластар берілді, ол оларды нокаутқа оңай жіберді", – деді Тедди.

"Уайлдердің жеңістері оның мықты екенін дәлелдемейді. Жай ғана ыңғайлы қарсыластар түскен. Ал нокаутқа түсіре алмаған боксшылар кездескенде Деонтейде қиындықтар туа бастайды".

Алайда, Уайлдер өте батыл. Оның жауынгерлік мінезі бар. Жылдамдығы мықты және оны нокаутқа түсіру өте қиын. 38 жасар Деонтей Фьюримен ауыр жекпе-жектен өтіп, нокаутқа да кетті. Ол осы кездесуде батылдық пен төзімділік көрсетті. Уайлдер өзінің нағыз жауынгер екенін дәлелдеді. Сондай-ақ Фьюриді де құлатты", – деді Атлас.

Еске салайық, Эр-Риядта өткен бокс кешінде Уайлдер жаңазеландиялық боксшы Джозеф Паркерден жеңілген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2053030-ol-zudyryqtasa-almaidy-tanymal-boks-sarapsysy-uailderge-qatysty-pikirin-aitty/

pixel