jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДҒ
    Динара Ғалым
    Бұрынғы қызметкер

    "Чемпиондарды нокаутқа түсіремін": Жәнібек Әлімханұлы бокстан Әлем чемпиондарына сес көрсетті

    Жәнібек Әлімханұлы
    Жәнібек Әлімханұлы. Фото: Mikey Williams/Top Rank Inc via Getty Images

    Орта салмақ дәрежесіндегі WBA және IBF чемпиондық белбеулерінің иегері Жәнібек Әлімханұлы өзінің салмақ дәрежесіндегі боксшыларды жеңуін тоқтатпайтынын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Жәнібек Әлімханұлының Twitter-дегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Qazaq Style" кезекті жолдауын WBC титулының иесі Джермалл Чарло мен WBA чемпионы Эрисланди Лараға арнады. Жәнібек Әлімханұлы Twitter-дегі ресми парақшасында:

    "Мен чемпиондарды нокаутқа түсіргенді асыға күтудемін. Біреуін нокаутқа жібердім, енді екеуі қалды. Чарло, Лара, қайдасыңдар?", – деп жазды Әлімханұлы.

    Айта кетейік, Жәнібек соңғы жекпе-жегін 2023 жылдың қараша айында өткізді. Винченцо Гуальтерриге қарсы жұдырықтасқан танымал боксшы қарсыласын мерзімінен бұрын жеңіп, екі чемпиондық белбеудің иесі болған еді.

    "Чемпиондарды нокаутқа түсіремін": Жәнібек Әлімханұлы бокстан Әлем чемпиондарына сес көрсетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.