Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық боксшы Италиядағы лицензиялық турнирде қарсыласын нокдаунға жіберді (видео)

Жарияланған күні:

Римма Волосенко
Римма Волосенко. Фото: instagram.com/qaz_olympics

Қазақстандық боксшы Римма Волосенко Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирдегі екінші жекпе-жегінде жеңіске жетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Римма Волосенко бұл жолы Венгрия өкілі Петра Сабомен жұдырықтасты. Кездесу барысында қазақстандық боксшы өзінің бір бәс жоғары екенін дәлелдеп, қарсыласын бірінші раундта-ақ нокдаунға жіберді. Қалған раундтарда соққы санын еселеп, төрешілердің шешімі бойынша ұпайлардың айқын басымдығымен жеңіске жетті. Осылайша, 1/8 финалға жолдама алды.

Римма алғашқы кезеңде Тринидада мемлекетінің намысын қорғаушы Тобаго Тианна Гайдан басым түскен еді.

Еске салайық, осыған дейін Сәкен Бибосынов, Нұрбек Оралбай, Махмұд Сабырхан жарыстағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Айта кетейік, Италиядағы лицензиялық турнирде Париж Олимпиадасының жолдамалары (ерлер арасында 28, әйелдер арасында 21) сарапқа салынады. Бұл бәсекеге Қазақстаннан 11 боксшы аттанды. Былғары қолғап шеберлері Олимпиада лицензиясына ие болу үшін кем дегенде жартылай финалға дейін жетуі тиіс.

Материал авторы: Жәнібек Есенбек

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2064637-qazaqstandyq-bokssy-italiyadagy-licenziyalyq-turnirde-qarsylasyn-nokdaunga-ziberdi-video/