Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Париж Олимпиадасының жолдамасына таласатын қазақстандық боксшылардың тізімі шықты

Опубликовано:

Бокстан Жазғы олимпиада жолдамасын сарапқа салатын боксшылар
Қазақстандық боксшылар. Фото: instagram.com/boxingkazakhstan

Бокстан Италияның Бусто-Арсицио қаласында 114 елден 668 спортшының қатысуымен өтетін әлемдік лицензиялық турнирге Қазақстан атынан қатысатын жерлестеріміздің тізімі белгілі болды. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Сонымен лицензиялық турнирге кімдер барады?

Париж Олимпиадасының жолдамасына таласатын боксшылар тізімі:

  • 51 келі: Сәкен Бибосынов;
  • 57 келі: Махмұд Сабырхан;
  • 63,5 келі: Мұхаммедсабыр Базарбайұлы;
  • 71 келі: Асланбек Шымбергенов;
  • 80 келі: Нұрбек Оралбай;
  • 92 келі: Айбек Оралбай

Ерлерде 28 жолдама үлестіріледі.

Италиядағы іріктеу турнирі 4-12 наурыз аралығында өтеді. 

Бокстан Жазғы олимпиада жолдамасын сарапқа салатын боксшылар
Қазақстандық боксшылар. Фото: instagram.com/boxingkazakhstan

Әйелдер құрамы:

  • 50 келі Алуа Балқыбекова;
  • 54 келі Жайна Шекербекова;
  • 60 келі Римма Волосенко;
  • 66 келі Наталья Богданова:
  • 75 келі Валентина Хальзова.

Әйелдерде 21 жолдама үлестіріледі.

Еске сала кетейік, бокстан Қазақстан еншісінде әзірге екі жолдама бар. 2023 жылғы жазғы Азия ойындарында аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев пен әйелдерден 57 келідегі Карина Ибрагимова Париж Олимпиадасына баруға мүмкіндік алған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2060220-pariz-olimpiadasynyn-zoldamasyna-talasatyn-qazaqstandyq-bokssylardyn-tizimi-syqty/

pixel