Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Олимпиадаға іріктеу турнирін жеңіспен бастады

Жарияланған күні:

Асланбек Шымбергенов жеңіске жеткен сәт
Асланбек Шымбергенов жеңіске жеткен сәт. Фото: t.me/olympickz

Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов Бусто-Арсицио (Италия) қаласында өтіп жатқан әлемдік лицензиялық турнирді жеңіспен бастады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

71 келіде жұдырықтасатын Асланбектің алғашқы қарсыласы Финландия өкілі Сэм Моровати болды. Үш раундқа созылған жекпе-жек қазақстандық боксшының жеңісімен аяқталды.

Бүгін тағы бір қазақстандық былғары қолғап шебері Мұхаммедсабыр Базарбайұлы да (63,5 келі) турнирдегі алғашқы кездесуін өткізеді. Оның қарсыласы – Тринидад пен Тобаго елінің өкілі Филипп Доннел. Жекпе-жек түнгі сағат 00:30-да басталады.

Еске салайық, осыған дейін Махмұд Сабырхан, Cәкен Бибосынов, Нұрбек Оралбай лицензиялық турнирдегі алғашқы кезеңнен сүрінбей өткен еді. Ал бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Римма Волосенко екі жекпе-жегін де сәтті өткізіп, 1/8 финалға жолдама алды.

Айта кетейік, Италиядағы лицензиялық турнирде Париж Олимпиадасының жолдамалары (ерлер арасында 28, әйелдер арасында 21) сарапқа салынады. Бұл бәсекеге Қазақстаннан 11 боксшы аттанды. Былғары қолғап шеберлері Олимпиада лицензиясына ие болу үшін кем дегенде жартылай финалға дейін жетуі тиіс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2064694-bokstan-qazaqstan-quramasynyn-kapitany-olimpiadaga-irikteu-turnirin-zenispen-bastady/