jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Энтони Джошуа екінші раундта UFC-дің экс-чемпионы Фрэнсис Нгануды нокаутқа түсірді (видео)

    Энтони Джошуа мен Фрэнсис Нгану
    Энтони Джошуа мен Фрэнсис Нгану жекпе-жегі. Фото: Mark Robinson/Matchroom Boxing via Getty Images

    Ауыр салмақта әлемнің экс-чемпионы британдық Энтони Джошуа бокс матчының екінші раундында UFC белбеуінің бұрынғы иегері Фрэнсис Нгануды нокаутқа түсірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Лондондағы 2012 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері камерундықты кездесудің бірінші раундында нокдаунға түсірді.

    Екінші раундта Джошуа тағы да қарсыласын нокдаунға түсірді, төреші екінші нокдаунда есеп ашқанымен, Нганну жекпе-жекті жалғастыруды ұйғарған. Алайда 22 секундтан кейін британдық файтерді нокаутқа түсіріп, он раундтық жекпе-жекте жеңіске жетті.

    Камерундық осымен бокс ережелері бойынша екінші кездесуге шыққан еді, ол бұрын Тайсон Фьюриге қарсы дебют жасаған еді. Нгану бұл кездесуде есеп айырмасымен жеңіліс тапқан болатын.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.