Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алуа Балқыбекова Олимпиада жолдамасынан құр қалды

Опубликовано:

Алуа Балқыбекованың жеңілген сәті
Алуа Балқыбекованың жеңілген сәті. Фото: instagram.com/qaz_olympics

Қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан әлемдік лицензиялық турнирдің ширек финалында жеңіліп қалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

50 келіге дейінгі салмақта сынға түсетін Алуа Балқыбекова ширек финалда Германия өкілі Карина Макси Клецермен жұдырықтасты. Бұл жекпе-жекте 3:2 есебімен неміс боксшысы жеңіске жетті. Осылайша Балқыбекова Олимпиада жолдамасын иелене алмады.

Еске салайық, осыған дейін бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының тағы бір өкілі Валентина Хальзова да лицензиялық турнирдегі шешуші кездесуінде жеңіліс тапқан еді. Ал ерлер құрамасынан Айбек Оралбай ширек финалда америкалық боксшы Джамар Таллиден басым түсіп, Олимпиада лицензиясын иеленді.

Бүгін, 11 наурызда тағы 4 қазақстандық боксшы Олимпиада жолдамасына таласады:

  • 51 келі. Сәкен Бибосынов – Киаран Макдональд (Ұлыбритания), 00:00;
  • 57 келі. Махмұд Сабырхан – Асрор Вохидов (Тәжікстан), 00:30;
  • 71 келі. Асланбек Шымбергенов – Сархан Алиев (Әзербайжан), 00:45;
  • 80 келі. Нұрбек Аралбай – Келин Кэссиди (Ирландия), 01:30.

Барлық жекпе-жек Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2066493-alua-balqybekova-olimpiada-zoldamasynan-qur-qaldy/

pixel