Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов Олимпиада лицензиясын иеленді

Жарияланған күні:

Боксшы Асланбек Шымбергенов
Боксшы Асланбек Шымбергенов. Фото: Olympic.kz/Сали Сабиров

Қазақстандық боксшы Асланбек Шымбергенов Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан әлемдік лицензиялық турнирдің ширек финалында жеңіске жетіп, Париж Олимпиадасына жолдама алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

71 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Асланбек ширек финалда Әзербайжан өкілі Сархан Алиевпен қолғап түйістіріп, сенімді жеңіске қол жеткізді. Осылайша бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының қоржынына Париж Олимпиадасының 6-жолдамасын салды. Осыған дейін Айбек Оралбай (92 келі), Қамшыбек Қоңқабаев (92 келі) және Карина Ибрагимова (57 келі) Олимпиада лицензиясын қанжығалаған еді.

Айта кетейік, бүгін 11 наурызда тағы бір қазақстандық боксшы Олимпиада жолдамасына таласады. 80 келі. Нұрбек Аралбай – Келин Кэссиди (Ирландия), 01:30. Жекпе-жек Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2066517-bokstan-qazaqstan-quramasynyn-kapitany-aslanbek-symbergenov-olimpiada-licenziyasyn-ielendi/