Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бокстан Қазақстан құрамасы Олимпиада лицензиясының саны бойынша нешінші орында

Опубликовано:

Нұрбек Оралбай шаршы алаңда
Нұрбек Оралбай шаршы алаңда. Фото: instagram.com/qaz_olympics

Бокстан Қазақстан құрамасы Олимпиада лицензиясының саны бойынша елдер арасында нешінші орында тұрғаны белгілі болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Қазақстандық 5 боксшы Италияның Бусто-Арсицио қаласында өткен әлемдік лицензиялық турнирде Париж Олимпиадасының жолдамасын иеленген еді. Атап айтқанда Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмұд Сабырхан (57 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі) және Айбек Оралбай (92 келі) Парижде өтетін әлемдік додаға қатысуға мүмкіндік алды.

Қазір бокстан Қазақстан құрамасының қоржынында Олимпиаданың 7 лицензиясы бар. Өткен жылы Азия ойындарында Қамшыбек Қоңқабаев (92 келі) және Карина Ибрагимова (57 келі) жолдамаға қол жеткізген болатын.

Лицензия саны бойынша бокстан Қазақстан құрамасы Түркия және Қытаймен бірге алтыншы орынға жайғасқан. Ал 12 жолдама иеленген Аустралия бұл тізімде көш бастаса, ары қарай Бразилия (10 жолдама), Өзбекстан (9 жолдама), Франция және Италия (8 жолдама) тұр.

Олимпиада лицензиясын иеленген елдер тізімі
Олимпиада лицензиясын иеленген елдер тізімі. Фото: wikipedia.org

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2066775-bokstan-qazaqstan-quramasy-olimpiada-licenziyasynyn-sany-boiynsa-nesinsi-orynda/

pixel