Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі тағайындалды

Жарияланған күні:

Жалғас Түкешов
Жалғас Түкешов. Фото: instagram.com/boxingkazakhstan

Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі қызметіне Жалғас Түкешов тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан бокс федерациясының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Жалғас Түкешов бокстан Қазақстан Республикасының спорт шебері, 10 жылдан бері әуесқой бокста бапкерлік атқарады. Сондай-ақ 8 жылдан бері кәсіпқой бокста промоутерлік қызметпен айналысып, Қазақстанда бокс кештерін ұйымдастырып жүр" , – делінген Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі жариялаған ақпаратта.

Еске салайық, 5 ақпанда Астанада Қазақстан бокс федерациясының жылдық дәстүрлі жиыны өтіп, федерацияның жаңа президенті болып Шахмұрат Мүтәліп сайланған еді. Осыған дейін бұл қызметті Кеңес Рақышев атқарған болатын.

Сондай-ақ бокстан Сидней Олимпиадасының күміс медаль иегері Мұхтархан Ділдәбеков Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2070795-qazaqstan-boks-federaciyasy-prezidentinin-kenessisi-tagaiyndaldy/