jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Бокстан Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері жаңа қызметке тағайындалды

    Мұхтархан Ділдәбеков
    Мұхтархан Ділдәбеков. Фото: kfb.kz

    Бокстан Сидней Олимпиадасының күміс медаль иегері Мұхтархан Ділдәбеков Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан бокс федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Мұқтархан Ділдәбеков – 1976 жылы Түркістан облысына қарасты Абай ауылында дүниеге келген. 1997 жылы "Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері" атағын иеленді. Ал 2000 жылы Сиднейде өткен Олимпиада ойындарында аса ауыр салмақ дәрежесінде сынға түсіп, күміс медаль иегері атанды. Сол жылы "Парасат" орденімен марапатталған еді.

    Танымал боксшы Қазақстан бокс федерациясында бапкерлер штабымен жұмыс жөніндегі вице-президент қызметін атқарады.

    Айта кетейік, 5 ақпанда Астанада Қазақстан бокс федерациясының жылдық дәстүрлі жиыны өтіп, федерацияның жаңа президенті болып Шахмұрат Мүтәліп сайланды. Ол бұл қызметте Кеңес Рақышевті алмастырды. Жаңадан сайланған президент Шахмұрат Мүтәліп ұлттық құраманың былғары қолғап шеберлерімен кездескен еді.

    Бокстан Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері жаңа қызметке тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.