jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Бокстан Қазақстан құрамасы Литвадағы турнирде 11 жүлде иеленді

    Тұрсынбай Құлахмет
    Боксшы Тұрсынбай Құлахмет. Фото: instagram.com/boxingkazakhstan

    Литваның Каунас қаласында өткен Альгирдас Шоцикас турнирінде қазақстандық боксшылар 6 алтын, 3 күміс, 2 қола медаль жеңіп алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Альгирдас Шоцикас жарысына 11 қазақстандық боксшы қатысты. Оның тоғызы финалға жолдама алды. Ақтық бәсекеде жұдырықтасқан тоғыз боксшының алтауы алтын, үшеуі күміс жүлде еншіледі.

    Алтын жүлдеге қол жеткізгендер:

    • Асылжан Серікбай, 57 келі;
    • Елнұр Сүйінбай, 67 келі;
    • Жандос Қыдырәлиев, 63,5 келі;
    • Фарух Тоқтасынов, 71 келі;
    • Азамат Бектас, 75 келі;
    • Тұрсынбай Құлахмет, 80 келі.

    Күміс медаль иеленгендер:

    • Нұрсұлтан Алтынбек, 54 келі;
    • Алмат Әбдуәли, 60 келі;
    • Абзал Құттыбеков, 86 келі.

    Қола жүлде еншілегендер:

    • Даниял Сәбит, 51 келі;
    • Аманат Сабырғали, 92+ келі.

    Айта кетейік, Альгирдас Шоцикас турниріне әлемнің 17 елінен 120-ға жуық боксшы қатысты.

    Бокстан Қазақстан құрамасы Литвадағы турнирде 11 жүлде иеленді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.