Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

63,5 келіде лицензиялық турнирге баратын боксшы спаррингпен анықталатын болды

Опубликовано:

Боксшы
Ертуған Зейнуллинов. Фото: olympic.kz

Париж Олимпиадасының лицензиясы сарапқа салынатын Таиландтағы жарысқа 63,5 келіде баратын боксшы спаррингпен анықталады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазір бокстан Қазақстан ерлер құрамасының қоржынында Париж Олимпиадасының 6 жолдамасы бар.

Ал 63,5 келі салмақтағы лицензия екі іріктеу турнирде бұйырмады. Енді бокстан Қазақстан командасының бапкерлер құрамы Таиландта өтетін cоңғы лицензиялық турнирге 63,5 келіде баратын спортшыны спаррингпен анықтамақ.

"Мұндай турнирді алғаш рет өткізгелі отырмыз. Іріктеуге қатысатын боксшыны осындай спаррингпен таңдаймыз. Жеңіске жеткен спортшы лицензиялық жарысқа қатысады", - деді бас бапкер Мырзағали Айтжанов. 

Спарринг Астанада өтеді. Оған төмендегі алты боксшы қатысады:

  • Ертуған Зейнуллинов;
  • Мұхаммедсабыр Базарбайұлы;
  • Дулат Бекбауов;
  • Төрехан Сабырхан;
  • Жандос Қыдырәлиев;
  • Серік Теміржанов.

Айта кетейік, Италияның Бусто-Арсицио қаласында өткен әлемдік лицензиялық турнирде Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмұд Сабырхан (57 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі) және Айбек Оралбай (92 келі) Олимпиада жолдамасына ие болған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2074635-635-kelide-licenziyalyq-turnirge-baratyn-bokssy-sparringpen-anyqtalatyn-boldy/

pixel