Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бокстан Қазақстан құрамасы Бакудегі турнирде үш алтын медаль жеңіп алды

Жарияланған күні:

Талғат Сырымбетов
Талғат Сырымбетов. Фото: instagram.com/boxingkazakhstan

Бакуде (Әзербайжан) өткен "Ұлы Жібек жолы" халықаралық турнирінде қазақстандық боксшылар үш алтын, екі күміс, бір қола медаль еншіледі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Бүгін, 28 наурызда қазақстандық бес былғары қолғап шебері Бакудегі жарыстың финалында жұдырықтасты.

48 келі салмақ дәрежесіндегі Теміртас Жүсіпов ақтық сында жергілікті боксшы Хасан Маликовтен жеңілсе, Тимур Қабдеш (54 келі) өзбек боксшысы Худжаназар Нортожиевке есе жіберіп күміс медальді місе тұтты.

Ал Талғат Сырымбетов (60 келі) финалда әзербайжандық боксшы Азрак Бабировты жеңді. 71 келі салмақтағы Дархан Дүйсебай өзбекстандық былғары қолғап шебері Бекзод Хамидовтан айласын асырды. Сағындық Тоғамбай (92 келі) әзербайжандық қарсыласы Лорен Альфонсодан басым түсті. Сөйтіп үш қазақстандық боксшы алтын медальді қанжығалады.

Осыған дейін жартылай финалда сүрінген Бекзат Таңатар (86 келі) қола медальға ие болған еді. Осылайша, қазақстандық боксшылар "Ұлы Жібек жолы" жарысын алты жүлдемен аяқтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2074932-bokstan-qazaqstan-quramasy-bakudegi-turnirde-us-altyn-medal-zenip-aldy/